00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Шетелден арзан көлік жеткіземін деп 15 адамды алдаған азамат ұсталды

01.03.2024 | 13:16
41
фото: polisa.kz

Алаяқтың әрекетінен Астана, Павлодар және Қарағанды облыстарының тұрғындары зардап шеккен. 

Транзиттік нөмірлері бар көліктерді автосалон арқылы арзан бағаға сатып алып беруге уәде берген азамат жәбірленушілерден ақша алып, өз қалауына жұмсап үлгерген. Ол ақшаның бір бөлігін тұтынушыларға көлік сатып алуға жұмсап, ал қалғанын ысырап жасағаны анықталған.   Полицияға хабарласқан Қарағанды облысының тұрғыны көлік сатып алу үшін алаяққа 21 млн 700 мың теңге бергенін айтқан. 

Тағы бір жәбірленуші көлік алу үшін күдіктіге 3 миллион 300 мың теңге берген. Жедел-іздестіру шараларының арқасында күдіктіні Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстаған. 

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәсін мойындап, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Барлық жаңалықтар