00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Ресейлік футболшы жол апатынан қаза тапты

12.05.2023 | 21:30
49
Фото: premierliga.ru

12 мамырға қараған түнде «Динамо» мен «Спартактың» экс-футболшысы Александр Каракин Мәскеу жанындағы көше жарысына қатысқан екен. Сол жарыстағы апат салдарынан спортшы жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан, деп хабарлады Elorda.info.

112 Telegram-арнасының мәліметінше, дәрігерлер ер адамның өмірін сақтап қалу үшін бірнеше сағат бойы күрескен. 

Споршының бассүйегі, қабырғалары мен сан сүйегі сынған, сонымен қатар гемопневмотораксқа ұшыраған. Каракиннің жасы небәрі 32-де еді. 

Белгілі болғандай, Каракин бар жылдамдықпен келе жатып, жол жиегіндегі жақтауға соқтығысқан, содан кейін оның Nissan көлігі жол ортасына қарай ұшып кеткен. Спортшымен бірге көлік салонында оператор да болған деседі.

Спортшы қауіпсіздік белдігін тақпаған.  

Айта кетейік, 32 жастағы Александр Каракин «Спартактың» түлегі болды. Ол қызыл-ақтардың екінші командасы «Динамо-2» мен «Химки» үшін ойнаған. Каракин футболдағы мансабын 2018 жылы аяқтады.

Барлық жаңалықтар