00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Павлодар облысында 10 интернет-алаяқтыққа қатысы бар азамат анықталды

22.02.2024 | 08:12
46
Фото: ашық дереккөз

Облыс орталығында ер адам әлеуметтік желіде жиһаз сату туралы хабарландыру беру арқылы өңір тұрғындарын алдаған. Оның 10 интернет-алаяқтыққа қатысы бар екендігі дәлелденді. Жедел қызметкерлер оның осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. Басқа жағдайда, көрші мемлекеттің азаматы ОЛХ сайты арқылы жоқ принтерлерді сатуды жүзеге асырған. Қызығушылық танытқан азаматтардан өз ЖШС-іне ақша аударуды сұраған, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров. 

25 жастағы азамат зейнетақы жинақтарын алуға көмекті сылтауратып, азаматтардың жеке деректерін иемденген. Содан кейін ол екінші деңгейдегі банктерде оларға тауарлық несие рәсімдеп, қолма-қол ақшаны жеке мақсатына пайдаланған. Сонымен қатар ол интернет-ресурстарда жүргізуші куәлігін, медициналық анықтамаларды, еңбекке жарамсыздық парақтарын, әскери билеттерді жасау туралы хабарландырулар берген. 

Айта кетейік, полицияға 20-дан астам павлодарлық азамат жүгінген.

Барлық жаңалықтар