00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Несиемен көлік алып беремін»: Елордалықты алдаған азамат ұсталды

12.01.2024 | 09:30
48
фото: polisa.kz

Елордада тұрғынға жеңілдетілген несиемен көлік алып беремін деп алдаған азамат анықталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

33 жастағы елордалық азамат тұрғынның 1 миллион теңге көлеміндегі ақшасын иемденіп, жеңілдетілген бағдарлама бойынша несиеге жаңа көлік алуға көмектесемін деп уәде берген. Ер адам алты ай бойы тұрғынды сендіріп келген. Арада біраз уақыт өткен соң жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, полицияға хабарласты. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмысқа қатысы бар азаматты анықтады. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Барлық жаңалықтар