00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Лагерьге кетіп бара жатқан бала пойызда қайтыс болды

07.08.2023 | 05:00
55
Фото: дереккөз

2023 жылдың 7 тамызында No625 «Атырау-Астрахань» пойызында 2010 жылы туған бала қайтыс болды, деп хабарлады Elorda.info 

Оқиғаға баланысты Жолаушылар тасымалы АҚ баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. 

Бала лагерьге балалар тобының құрамында бара жатқан. Олардың қасында жауапты төрт тәрбиеші болған. Топтың өз тамағы болды. Пойыз жөнелтілгеннен кейін 1,5 сағаттан соң бала өзін нашар сезінген. Пойыз бригадасы нұсқау бойынша әрекет етті, жедел жәрдем шақырылды, ол Нарын станциясына жетті. Жедел жәрдем қызметкерлері келіп, оның қайтыс болғанын анықтады»,-делінген Жолаушылар тасымалы АҚ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Өлімнің себебі сараптамадан кейін белгілі болады.  

Барлық жаңалықтар