00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Көкшетауға есірткі таратуға барған астаналық азамат ұсталды

12.07.2023 | 12:30
42
Фото: видеодан скрин

Көкшетауға есірткі заттарын тарату үшін арнайы барған Астана тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Одан мефедрон психотроптық заты бар 17 түйіншек тәркіленді. Сонымен қатар ұсталған адам жедел қызметкерлерге есірткіні құпия орындарына жасырып үлгерген жерлерді көрсетті. 

Нәтижесінде, жігіттен салмағы 20 грамнан асатын 20 түйіншек және ұялы телефон тәркіленді, оның көмегімен есірткіні жасырын салу фото есептерін жасаған. 

ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Күдікті Көкшетау қаласының УҰИ-ға қамалды.

Барлық жаңалықтар