00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

ҰҚК атыс қаруын сатумен айналысқан қылмыстық топты ұстады

12.04.2023 | 21:00
80
Фото: дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп екі ведомствоның арнайы мақсаттағы бөлімшелерін тарта отырып, ірі ауқымда заңсыз қару айналымымен айналысқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Elorda.info.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық схеманың қатысушылары оқсыз атылатын, жарақаттайтын, белгі беретін және өзге де өлімге алып келмейтін қаруды кейіннен «қара» нарықта өткізу үшін жауынгерлік етіп қайта жасаумен айналысқан.

Арнайы операция 2023 жылғы 29 наурызда Астана, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында бір мезгілде жүргізілді. Нәтижесінде қылмыстық схемаға қатысы бар деген күдікпен 23 адам ұсталды. 32 автомат, 88 тапанша, 37 мылтық (барлығы 157 бірлік қару), 9 граната және әртүрлі калибрлі 27 390 оқ-дәрі алынды. Қару мен оқ-дәрілер жасауға арналған арнайы жабдықтары мен жинақтары бар 7 қолдан жасалған цехтың жасырын әрекеті жойылды, - делінген ҰҚК хабарламасында.

Ұстау алдында ұзақ жете тексеру жүргізіліп, оның барысында әртүрлі калибрлі ұрыс патрондары мен оқ-дәрілерге келтіріліп қолдан жасалған «Калашников» автоматын, үш тапаншаны жедел сатып алу жүзеге асырылды.

2023 жылдың ақпанында ҰҚК Ақтөбе облысында ұйымдастырушылары аталған қылмыстық топпен байланысы бар қаруды қолдан жасаумен айналысқан шеберхананың жұмысын тоқтатқанын айта кету керек.

Жедел жолмен қылмыстық схеманың барлық тізбегі ашылды.

Қаруды өткізу тәсілдері, соның ішінде «Darkshop» деп аталатын интернеттің көлеңкелі сегментіндегі сауда алаңдары анықталды. Топ мүшелері құпиялылық пен қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтаған, әрқайсысының рөлі мұқият бөлініп берілген (жасаушылар, сатушылар, делдалдар және т.б.), - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар