00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Хат жазып кеткен»: ҰҚК академиясының курсанты өзіне қол жұмсады

01.05.2023 | 17:00
47
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының курсантының өлер алдында хат жазып қалдырғаны белгілі болды. Хатта жазылғандай, студент жігіт бухмекерлік кеңсеге көп қарыз болып қалған, деп хабарлады Elorda.info.

Ақпаратты ҰҚК растады. 

Студент өз-өзіне жатақхана жертөлесінде қол салған. Бөлмесінен курсанттың соңғы сөзі жазылған блокноты табылған.

Мен тағы қателікке жол бердім. Бұл жолы ешкімнің көмегіне үміт артпаймын, мен өз күнәм үшін өз өмірімді қиюға дайынмын. Жексенбіде қарызым бойынша бірінші өсімақы басталады, бұл мен үшін бәрі біткенін білдіреді. Ата-анам маған армандағанымның және сұрағанымның бәрін берді… Мен ойымқұмарлығымды өткен шақта қалдырғым келеді. Мен әбден қиналдым, үлкен шығынға батқан шағымда тоқтағаным өкінішті болды… Менің өліміме ешкімді кінәламауды сұраймын, қош болыңыздар», - делінген хатта.

Барлық жаңалықтар