00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада өрт сөндіру түтігін қолды еткен азамат ұсталды

02.08.2023 | 11:30
48
фото: polisa.kz

Астана қаласы ПД Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері өрт сөндіру түтік құбырларын ұрлауға қатысы бар ер адамды анықтады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Қарағандының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында ер адамның түнгі уақытта Мұхамеджанов көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болғандығы анықталды. Бөгде адамдардың жоқтығын пайдаланып, күдікті сөреде сақталған өрт сөндіру түтік құбырларын алып кеткен. Осылайша ол 7 түтік құбырды ұрлап кеткен. Ер адамның айтуынша, ұрланған заттарды ол базарда сатып жіберген. 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

 

Барлық жаңалықтар