00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада қоғамдық көлікте ұрлық жасаған азамат ұсталды

18.05.2023 | 18:30
35
фото: infovoronezh.ru

Елордада қоғамдық көлікте өзгенің телефоның ұрлаған азамат құрықталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, Орро Reno 7 телефонын ұрлау дерегі туралы арызданған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 32 жастағы ер адамды анықтады. Тергеу барысында ер адам түскі уақытта №48 маршруттық автобуспен Иманов көшесі бағытында кетіп бара жатқандығы белгілі болды. Күдікті көлік салонында жолаушының күртешесінің қалтасынан білдіртпей телефонды ұрлап, аялдамада шығып кеткен. Материалдық шығын 250 мың теңгеге жуық соманы құрады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрлыққа қатысы бар адам мойындау көрсетпелерін берді. 

Оның елорда аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Астана қаласының полиция департаменті қоғамдық көлікте болған кезде құнды заттарды қол жетімді жерлерде сақтамауды және жеке заттарыңызға сақ болуды ескертеді.

 

Барлық жаңалықтар