00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада гипермаркеттен 200 данадан астам сыра ұрлаған әйел ұсталды

03.08.2023 | 15:00
40
фото: vzsar.ru

Алматы ауданы полиция басқармасының тәртіп сақшылары гипермаркетте бірнеше рет айласын асырып, сыра сусынын ұрлаған азаматты анықтады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті әйел айлар бойы дүкенге келген сайын кассаның жанынан бөтелкедегі сыраны байқатпай алып өтуді әдетке айналдырған. Осылайша ол 200 данадан астам бөтелкедегі сыраны ұрлап үлгерген. Сотқа дейінгі тергеу барысында 41 жастағы қала тұрғыны кінәсін мойындады. 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Барлық жаңалықтар