00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада 200 мың теңгенің шоколадын ұрлаған азамат ұсталды

17.10.2023 | 13:00
29
фото: polisa.kz

Астанадағы дүкеннен шоколад қораптарын ұрлаған азамат анықталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Қазіргі уақытта Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері астаналық тұрғынның супермаркеттерден жасалған үш ұрлыққа қатысы барын анықтады. Ол негізінен қазақстандық шоколадты ұрлаумен айналысқан. Анықталғандай күдікті сауда алаңында тұрғанда витринадан құны 80 мың теңгеден асатын шоколадты ұрлап кеткен. 

Бұған дейін де аталған азамат сол дүкеннен дәл осындай ұрлық жасағаны белгілі болған. Ол дүкеннен 120 мың теңгеге жуық шоколад қораптарын алып кеткен. Күдікті онысымен қоймай спорттық киімді ұрлау сәтінде полицейлердің қолына түскен. Сауда және ойын-сауық орталығында жүргенде спорт дүкенінен құны 106 мың теңгеден асатын киімдерді алып шыққан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 26 жастағы астаналық азамат кінәсін мойындап, кейін ол полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның астанада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Полиция департаменті дүкен иелеріне қырағы болуды және дүкендерді ұрлаудан қорғау үшін кешенді шараларды жүзеге асыруды назарға алуды ұсынады.

Барлық жаңалықтар