00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Динара Зәкиева Астанада зорланған оқушыға қатысты пікір білдірді

30.01.2024 | 04:22
70

Елордада бірнеше оқушы сегізінші сынып оқушысын зорлаған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлады Elorda.info. 

Аталған оқиғаға қатысты еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірді. 

Бұл факт 17 қаңтарда 121-баптың 4-бөлігі бойынша тіркелді. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мен қыздың анасымен байланыстамын. Психологтар қызбен жұмыс істеп жатыр, - деп жазды Динара Зәкиева. 

Астана ПД баспасөз қызметі елордалық полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындағанын мәлімдеді. 

Қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК - нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - деп атап өтті ведомствода.

Барлық жаңалықтар