00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

«Дикий Арманның» оң қолы – Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ұсталды

14.07.2023 | 11:52
90
Фото: видеодан скрин

Ішкі істер министрлігі «Дикий Арман» тобын әшкерелеу бойынша 3 арнайы операция жүргізді, деп хабарлады Elorda.info.  polisia.kz телеграмм каналына сілтеме жасай отырып.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен негізгі қатысушылары қамауға алынғанына қарамастан, оның басқа мүшелері адвокаттардың қызметтерін қаржыландыра отырып, құқыққа қарсы қызметпен айналысуын жалғастырып жатыр. Әзірленген жоспарға сәйкес аталған топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесу үш кезеңде жүргізілді. 

Бірінші кезең бойынша халықаралық іздеуде жүрген, қылмыстық ортада «Нойс» деген лақап атымен белгілі Жұмагелдиевтің «оң қолы» басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топтың негізгі криминалдық буынын жоюға бағытталды. Мәселен, 19 сәуірде Алматы қаласының, Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аумағында ауыр қылмыстарды жасауға, оның ішінде 2018 жылы Алматыда орын алған адам өлтіруге оқталуға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталды.

Айта кетейік, қылмыстық ортада «Нойс» деген лақап аты бар Нұржан Иманалиев белгілі айтыс ақыны Айнұр Тұрсанбаеваның жолдасы. 

Барлық жаңалықтар