00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Бопсалау арқылы 7 млн теңге талап еткен күдіктілер ұсталды

09.01.2024 | 09:00
63
Фото: дереккөз

Қызылорда облысының тұрғынын әлеуметтік желілерде жеке сипаттағы мәліметтерді жариялаймын деп қорқытқан бопсалаушылар тобы ұсталды. деп хабарлады Elorda.info

Polisia.kz сайтының жазуынша, күдіктілер деректерді жария етпеу үшін жәбірленушіден 7 млн теңге талап еткен.

Осы дәйек бойынша Қызылорда облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде тәуліктік кезекшілік кезінде күдікті ретінде 34, 32, 22 жастағы облыс тұрғындары ұсталды.  Айғақты зат ретінде олардан ақша, сигналдық тапанша және жалған қызметтік куәлік алынды,-деп жазды дереккөз.

Қазіргі таңда жәбірленушінің намысына тиетін ақпаратты таратамын деп қорқытып, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған бопсалау дәйегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Барлық жаңалықтар