00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті

12.03.2024 | 03:51
78
фото: qalamger.kz

Қазақтың белгілі жазушысы Жұмабай Шаштайұлы ағамыз бақи дүниесіне аттаныпты. Алла алдынан жарылқасын! Мейірімді Алла ағеден құлын шарапатты Рамазанның басында мәңгі өміріне қауыштырыпты…

Күллі ақжүректер сияқты Жұмабай ағаның да өмірі ойпыл-тойпылға толы болды. Оның ілкі хикаяттарының бірі «Қызыл қар» 80-жылдардың басында «советтік өмірді солақай сипаттағаны» үшін қатал сынға ұшырады. Басқа емес, ЦК-ның секретары Димаш Ахметовичтің өзі оған суық назарын аударды. Партияның бас газеті «Правда» бетінде сыналды! Ал мұндай жаза ол кезең үшін аса ауыр сынақ еді… Бірақ Жұмекең сол сынды «хас үлектен туған қатепті қара нардай» көтеріп алды. Ол өйткені өзін ешқашан Ұлтынан бөліп қарай алмады…,- деп жазды ақын. 

Светқали Нұржан өз жазбасында Жұмабай Шаштайұлының «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы болған кезін еске алды. 

2011 жылы маусымда «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы болып тұрған Жұмабай ағама бардым. Ол кез біздің Әулиелер Сұлтаны Ахмет Ясауи бабамыздың жолын назарбаев пен салафиттердің шабуылынан қорғап қалу үшін күресіп жатқан шағымыз еді. Ағамен ақ жарылып екі сағат сөйлестім. Жұмекең сол жерде газеттен «Сен қайда жүрсің?» атты рубрика ашты. Маған Қарагөз Сімәділ қарындасымды қосып беріп сұхбат алдырды. Ол сұхбат «Бабалардың қанды жасын көрген - Біз…» деген атпен айқарма бетке шықты. Аса көп тиражбен сол қарсаңда Қарасазда өткен мұзбалақ Мұқағалидың 80 жылдық тойында таратылды. Сөйтіп қоғамнан әбден шетқақпай көріп жүрген менің белімді көтеріп тастап еді, қайран аға!..

Жазмышқа не һайла бар?! Талай тар жерде аппақ тілеуімен демеген асыл азамат шарапат айында, дүние жаңарар тұста - Ұлыстың ұлы күнінде Иесіне аттанып барады. Алды бейіш болғай! Қазағын желеп-жебеп жатқай! Қош, қош, бақұл бол, Жұмабай аға!,- деп жазды ол. 

Барлық жаңалықтар