00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Қазмұнайгаздың» еншілес компаниясына жарты млрд теңгеден астам айыппұл салынды

14.11.2023 | 06:35
57
Фото: ашық дереккөз

 ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ағымдағы жылы «Petrosun» ЖШС-ін әкімшілік жауапкершілкке тартты, деп хабарлады Elorda.info

Аталған компания қолданыстағы шарттық қатынастары бар нарықтың жекелеген субъектілеріне АИ-92 маркалы бензині мен дизель отыны саудасын негізсіз шектегені анықталып отыр. 

Сондай-ақ «Petrosun» ЖШС-нің іс-әрекеттері жекелеген контрагенттермен шарттардың талаптарын бұзуға алып келді және олардың заңды құқықтары мен мүдделеріне қысым жасауға әкеп соқтырды. Осыған байланысты, Департамент қызметкерлерінің қорытындысы негізінде «Petrosun» ЖШС үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша 542,9 млн. теңге сомасы көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды,-  деп жазды департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, асыра сілтеймін деп айтарлықтай айsппұл арқалаған «Petrosun» ЖШС «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны ретінде тіркелген.

Барлық жаңалықтар