00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жезқазған филиалының басшысы қамауға алынды

14.11.2023 | 05:36
33
Фото: ашық дереккөз

Филиал басшысы мен бас маманы  қала тұрғындары мен шаруашылық субъектілерінен 70-тен 300 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі заңсыз ақшалай сыйақыларды бопсалаған, деп хабарлады Elorda.info 

Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар бұл қаражатты газды қосу рұқсатын және техникалық шарттарды жедел алу үшін талап еткен.

Өңірдегі газдандыру саласындағы жүйелі проблемалар ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаментінің әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуі нәтижесінде анықталды. Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді, - деп жазды дереккөз.

Аталған тұлғаларға қатысты сот шешімімен "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы қабылданды. Күдікті тұлғалдарға қатысты тергеу жалғасуда. 

Агенттік өкілдері ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайтындығын мәлімдеді.

Барлық жаңалықтар