00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Ауруханадан қашқан сотталған азамат ұсталды

18.07.2023 | 15:32
86
Фото: ҚР Ішкі істер министрлігі

Қарағанды қалалық Полиция басқармасы Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында ауруханадан қашқан сотталған азамат қаладағы гараждардың маңынан ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір ол полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері 18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден қашып кеткен сотталған азаматтың мекенжайын анықтау және ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізген болатын. Азаматтың қашып кету дерегі бойынша Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына бағыттама да берілді. 

Ол - 35 жастағы БҚО тумасы, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. 

Белгілері: толық денелі, бойы 165 см, шашы қара. Үстінде ақ футболка, қара аяқ киім, қара шалбар және басында қара кепка болған.

Барлық жаңалықтар