00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астананың сол жағалауында көлік түгі қалмай өртеніп кеткен (ВИДЕО)

28.04.2023 | 21:30
33
Фото: Астана қалалық ПД

Оқиға бүгін, 28 сәуірде болды, деп хабарлады Elorda.info

Елордалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12:09-да өрт сөндіру қызметіне Сарайшық көшесі, 7а бойында автокөліктен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.  

Оқиға орнында «ВАЗ 2114» автокөлігінің артқы купесі, салоны өртеніп жатқаны анықталды, - деп хабарлады Астана қаласы ТЖД.

Өртті сөндіруге бес құтқарушы мен бір техника жұмылдырылған. Өрт 16 минуттан кейін сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, бірақ көлік толығымен жанып кеткен.

Өрттің шығу себебі  анықталып жатыр.

Барлық жаңалықтар