00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада жеке тұрғын үй отқа оранды

23.02.2024 | 11:25
71
Фото: дереккөз

Өрт сөндірушілер оқиға болған Ақсу-Аюлы көшесіндегі мекенжайға 6 минутта жетті. 

Құтқарушылар жеке үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Оқиға орнына өрт сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 42 адамы және 9 техникасы жұмылдырылды.

Өрт сағат 17:07-де ауыздықталды. Тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Барлық жаңалықтар