00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанада көлік ұрлап қашқан адам жол апатына түсіп, қаза болды

19.04.2023 | 14:30
42
Фото: видеодан скриншот

Астанада Subaru көлігін ұрлап айдап кетіп, жол апатына ұшыраған ер адам оқиға орнында қаза тапқан, деп хабарлады Elorda.info.

Апат 18 сәуір күні елордада болған. Subaru жүргізушісі Тілендиев даңғылынан кейін рөлді басқара алмай, ілеспе бағытта келе жатқан HOWO жүк көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан Subaru жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында мерт болды.

Тексеру барысында Subaru көлігінің ұрланғаны анықталды.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚІЖК 201-бабының негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді, – деп хабарлады ІІМ.

Барлық жаңалықтар