00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанада автокөлік аялдамаға соқтығысты

29.09.2023 | 06:00
46
Фото: polisia.kz

Астана қаласындағы аялдамалардың бірінде жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Оқиға бүгін сағат 08.31-де Байтұрсынов көшесінің бойында болған. 

Полицияның мәліметінше, Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Байтұрсынов көшесінен Жүргенов көшесі бағытында жүріп келе жатып, ілеспе бағытта келе жатқан Mazda автокөлігі үшін апатты жағдай туғызды. Салдарынан рульді басқара алмаған Mazda көлігінің жүргізушісі автобус аялдамасына соқтығысты. 

Апат салдарынан зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.  

Барлық жаңалықтар