00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Астана мен Қостанай облысында жалған доллар сатқандар сотталды

20.07.2023 | 09:30
53
Фото: видеодан скрин

Қостанайлық бір топ азамат жалған АҚШ долларын жасап, валютаны өңір аумағы мен Астанада сатқан, деп хабарлады Elorda.info.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, С.Шарапиев валюта тауып әкелумен айналысса, Қостанай облысының аумағында сатуды Т.Жакупов және А.Шаймердинов, ал Астана аумағында таратуды ерлі-зайыпты Бердімұратовтар жүргізген.

30 000 жалған доллардың 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленді.

Аталған қылмыстарды жасағаны үшін сотталушыларға «Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу» бабымен, сондай-ақ жәбірленушілерді алдау фактілері болғандықтан «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылды. 

Сот үкімімен С.Шарапиев ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, А.Шаймердинов пен Т.Жакупов орташа қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға дейін, Ерлі-зайыпты Бердімұратовтар  шартты түрде 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды, - делінген агенттік ақпаратында. 

Барлық жаңалықтар