00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Алматы облысында аурухана басшылығы 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрлаған

13.11.2023 | 07:00
56
Фото: ашық дереккөз

Аталған медициналық мекеме 2020 жылдың қазан айында сенімгерлік басқаруға берілген, деп хабарлады Elorda.info Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Бұл күнде сенімгерлікке алған компания басшысы мен есепшісі қамауға алынды.   

Алматы облысындағы аурухананы басқарған компанияның басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды жалған сатып алғаны анықталып отыр. Аталған дәйек бойынша аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізілуде, - деп жазды дереккөз.   

Тергеу кезінде 2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланғаны белгілі болды. 

Агенттік өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды деп хабарлады.    

Барлық жаңалықтар