00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ақтауда жұмыскерлерге 76 млн теңгеден астам жалақы төленбеген

17.11.2023 | 15:00
67
фото: ашық дереккөз

Ақтау қаласы прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесімен «Сенім» медициналық клиникасы» ЖШС-нің еңбек заңнамасын бұзу деректері анықталды, деп хабарлады Elorda.info,  Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Ағымдағы жылдың екі айында 287 жұмыскерге 76 млн теңгеден астам жалақылары төленбеген.

Қала прокуратурасымен мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына заңдылықтың бұзылуын жою туралы хат жіберген.

Қадағалау актісін қарау нәтижесімен жұмыс беруші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 87 бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалған. Нәтижесінде ,жалақы бойынша берешек толықтай өтеліп, жұмыскерлердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілген.

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы Маңғыстау облысы прокуратура органдарының бақылауында.

Барлық жаңалықтар