Elorda.info

Елордада ірі жол апаты болып, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

Оқиға 20 наурыз күні сағат 20:30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған

Елордада ірі жол апаты болып, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

Елордада екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, көлік жүргізушілердің бірі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық ПД өкілдерінің айтуынша, оқиға 20 наурыз күні сағат 20:30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған.

Үш көліктің – Toyota, Audi және Iveco автобусы соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталды, - деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Елордалық Полиция департаментінің өкілдері жолда барынша сақ болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Оқиға