00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Жағдайы ауыр»: Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

01.04.2023 | 00:20
Елорда ақпарат
31

Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кеткен, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонырбайұлы facebook-парақшасында жазды. 

Ауыр жарақат алған мешіт қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауыр. 

Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Бұрын сотталған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде. Болған оқиға себептері анықталуда, - деп жазды ол.

Алдын ала жеткен мәліметтер бойынша қылмыстық оқиғаға отбасылық қақтығыстар, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжалдар себеп болған.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қосымша ресми мәлімет беріледі.

Барлық жаңалықтар