00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Қаскөйлер белгілі журналиске қастандық жасамақ болған

31.03.2023 | 22:07
Елорда ақпарат
37

Алматыда үш белгісіз адам Вадим Борейконың пәтерінің есігін монтаж көбігімен жауып тастамақ болған. Журналист бұл жағдайды полиция қызметкерлеріне тілшілік қызметімен байланыстыратынын айтқан. Бұл туралы журналист Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Elorda.info.

19 қаңтарда түнгі сағат үште менің пәтерімнің есігінің жақтауына сыртына жабысқақ құрылыс көбігін құйып кеткен. Көршілер мұны үш адамның жасағанын байқаған. Олар қашып үлгерген. Көбіктен жанғыш заттың иісі шығады. Мүмкін есікті жауып, содан кейін өртеп жібергісі келген шығар. 102-ге қоңырау шалдым. Өзімнің кім екенімді таныстырдым да, бұл оқиғаны жұмысыммен байланыстыратынымды айттым,-деп жазды Вадим Борейко. 

Алматы қалалық полиция Департаменті, қазіргі уақытта Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.  

Оқиғаның мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ, қаскөйлерді анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр,- деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Барлық жаңалықтар