00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада ер адам жаңа танысының телефонын ұрлап кеткен

31.03.2023 | 21:59
Айман Нығмет
40

Сарыарқа ауданының ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында телефон ұрлады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында оның Қосшығұлұлы көшесіндегі мейрамханада арумен танысқандығы, кейін олар таныстықты бикештің үйінде жалғастыруды шешкендігі анықталды. Ханымның үйінде қонақта болған ер адам оған ішімдік ішуді ұсынған. Үй иесі ұйықтап қалған сәтте, жағдайды пайдаланып, әйелге тиесілі OPPO телефонын ұрлап кеткен. Пәтерден шыққан бойда мас күйдегі ер адам өтіп бара жатқан адамға телефонды сатып жіберген.

Полиция бөліміне жеткізілген ер адам өз әрекетін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ бұрын-соңды осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

 

Барлық жаңалықтар