00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Жетісу облысында 6 жасар бала 3 айлық қарындасын пышақтап тастаған

31.03.2023 | 21:50
Елорда ақпарат
32

Жетісу облысы Жаркент қаласында 6 жасар бала қарындасын пышақтап тастады, деп хабарлады Elorda.info облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 10 қаңтарда болған. 6 жасар бала өзінің 3 айлық қарындасын үш жерден пышақтап тастаған. Алған жарақатынан нәресте көз жұмды.

Қыз төрт ұлдан кейінгі отбасының көптен күткен баласы болған. Үлкен екі ұл – студент. Анасы үшінші ұлын мектепке алып кетіп, үш айлық нәресте мен 6 жастағы төртінші ұлын үйге тастап кеткен. «Неге бұлай істедің?» деген сұраққа 6 жастағы бала «ол жылап, мазамды алды» деп жауап берген. Баланың ешбір психикалық ауытқуы жоқ, 1-сынып оқушысы.

Жаркент қаласында жаңа туған балаға пышақ жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық Полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар