00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада есірткі сатқан әйел ұсталды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 21:47
Елорда ақпарат
37

Астаналық полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында мефедрон синтетикалық есірткісін сатқан 29 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Есірткі сатушы өзінің «өнімін» құпия орындарға тығып қою арқылы сатқаны анықталды. Ол адамдар көп жиналатын жерлерде және гүлзарларда есірткі заттарын жасырып қалдырған. Бұл ретте қыз бұл «жұмысына» өзінің жеке Lexus RX 300 көлігімен шығып жүрген.

Жеке тінту барысында одан есірткі заты салынған 14 түйіншек табылып, тәркіленді. Сонымен қатар автокөлікті тінту барысында сатуға дайындалған тағы 80 түйіншек тәркіленді. Тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері есірткі жасырынған құпия орындарды анықтады.

Қыз «синтетиканы» Telegram арнасы арқылы алғаны, содан кейін оралған тауарды қала бойынша тасымалдағаны және ақшаны мобильді аударым арқылы алғаны анықталды. Алынған мефедрон синтетикалық есірткінің жалпы салмағы шамамен 92 грамм немесе 370 бір реттік дозаны құрайды. Бұл өте үлкен мөлшерге жатады. Алынған есірткінің бағасы қара нарықта шамамен 2 млн теңгені құраған болар еді, – делінген хабарламада.

Астаналық әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматша Астана қалалық ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Барлық жаңалықтар