00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

ҰҚК арнайы операция барысында 16 тонна есірткі тәркіледі

31.03.2023 | 21:42
Елорда ақпарат
29

Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің әртүрлі өңірлерінде ірі көлемде көкнәр шикізатын сату қылмысына қатысы бар есірткімен айналысатын топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Elorda.info ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел зерделеу жұмысының нәтижесінде Петропавл қаласында есірткі қылмысына қатысты топтың көмекшілері ұсталып, 5,5 тоннаға жуық аталған апиын түрі алынды. Бұл операцияның екінші кезеңінде Өскеменде 1 тонна көкнәр шикізатын алу үстінде есірткі курьері ұсталды. Сонымен қатар Қарағандыда жалға алған қоймаларда 10 тоннадан астам есірткі шикізатын сақтап келген есірткі қылмысына қатысты топтың ұйымдастырушылары ұсталды. Бұған қоса тінту шаралары барысында есірткі қылмысына қатысты топ қатысушыларынан жарақаттаушы және суық қару, ірі көлемде ақшалай заттар табылып, алынды, - делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, алдын ала тергеу аталған апиын тамақ өнімдері түрінде шетелден Қазақстан аумағына кіргізіліп, есірткіге тәуелді ортада саудаланғаны анықталды.

Жалпы қолға түскен есірткі көлемі 16 тоннадан асты. Одан әрі жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар