00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды

31.03.2023 | 21:10
Елорда ақпарат
33

Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан фактілері бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.

Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 млрд теңгеден асады.

Гүлмира Сатыбалды, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктеліп отыр. Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді.

Сатыбалды Г.-ға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда.

Барлық жаңалықтар