00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада есірткі сайттарының трафаретшісі ұсталды

31.03.2023 | 19:38
Елорда ақпарат
29

Астаналық полицейлер есірткі заттарын жарнамалайтын Ақмола облысының 34 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elorda.info

Тәртіп сақшыларына ұсталмай тұрып бірнеше күн бұрын ер адам әлеуметтік желілер арқылы есірткіні жарнамалайтын сайттарды көрсететін граффити суреттерін салу бойынша трафаретші ретінде жұмысқа орналасқаны анықталды. Жұмыстың заңға қайшы сипатын біле тұра, ол күндізгі уақытта қабырғаларға жазу жаза бастаған. Алайда, ер адам сурет салу кезінде қылмыс үстінде полиция қызметкерлеріне ұсталды. Тексеру барысында "Хюндай акцент" маркалы автокөліктің жүксалғышынан бояу баллоны мен трафарет табылды. Күдікті көлікті жеке тасымалдау үшін жалға алған. Бұрын сотталған, ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 299-бабының 1-бөлігі бойынша (есірткі, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 250 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленіп, 69 есірткі сайты бұғатталды.

Барлық жаңалықтар