Қаңтар оқиғасында қару-жарақ ұрлағандар 5 жылға сотталды
![](/img/articles/uploads/6346299fafbd9952692466_c828641c50.jpg)
Жамбыл облысында «қаңтар оқиғасы» кезінде Полиция департаменті ғимаратынан 208 млн теңгенің қару-жарағын ұрлаған 5 адам сотталды, деп хабарлады Elorda.info.
Облыстық сот сайтындағы мәліметке сәйкес, Тараз қаласының №2 сотында адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы қару мен оқ-дәрілерді жымқыру, заңсыз тасымалдау және сақтау (ҚР ҚК 291-б. 3-б. 4-т. 287-б. 2,3,4-, 291-б. 1-б.і, 287-б. 2,3,4-б.) бойынша 5 адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Анықталғандай, 2022 жылы қаңтар айының 5-інен 6-на қараған түні сотталушылар И., Ә., С., Б., М. Тараз қаласында қирату, бұзу, мүлiктi жоюмен ұласқан жаппай тәртіпсіздіктердің болып жатқанын пайдаланып, Жамбыл облысы Полиция департаментінің ғимаратынан атыс қарулары мен оқ-дәрілерді жымқырған.
И. Ә. С. Б. және М.-ның қылмыстық әрекеті салдарынан Жамбыл облысының Полиция департаментіне 208 480 580 теңге материалдық зиян келтірілген.
Кінә іс бойынша жиналған дәлелдермен: куәлердің айғақтарымен, сот-баллистика сараптамасының қорытындысымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді, - делінген сот мәліметінде.
Сотталушылар кінәларын мойындады.
Жаза тағайындау кезінде жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушылардың шын ниетпен өкінуі, мүліктік залалдың ерікті түрде өтелуі, сотты болмағандары назарға алынды. Ауырлататын мән-жай ретінде қылмыстың төтенше жағдай кезінде жасалғаны белгіленді.
Жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сондай-ақ қылмыстарға әрбір қатысушының рөлін ескере отырып, И., Б., С.-ға 3 жыл 6 айға, Ә.-ға 3 жылға, М.-ға 2 жылға бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деді Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметінен.
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Алматыда субұрқақ жанынан жас жігіттің денесі табылды](/img/articles/f9ed1632b47528ca31b80e0928fd6ed7.jpg)
![Астанада жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті](/img/articles/5bd1ee8604a96ac57108ef5f8218af92.jpeg)
![Елордалық өрт сөндірушілер мысықты өрттен құтқарды](/img/articles/e6727758fcbf9ab4dd9603cdbbf1b468.jpg)
![Заңсыз айналымнан 114 кг есірткі тәркіленді – ІІМ](/img/articles/a00936a96c63521cc9326d161c79da8c.jpeg)
![Каспий теңізінде жоғалып кеткен екі жігіт табылды](/img/articles/18707cd02e4ca15798a2635c9aca04eb.webp)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)