00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Оралда түнгі клуб жанында бір топ ресейлік төбелескен (ВИДЕО)

31.03.2023 | 17:38
Елорда ақпарат
75

Оралда түнгі клубтың жанында ішімдікке сылқия тойып алған Ресей азаматтары төбелесіп қалды, деп хабарлады Elorda.info.

Төбелесіп жатқан топты полицейлер сырттағы бейнебақылау камераларын қадағалап отырғанда байқаған. Оқиға орнына жеткен полиция жасағы ол жерден бір топ мас ресейлікті ұстаған.

Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің («Ұсақ бұзақылық», «Қоғамдық орындарға мас күйінде келу», «Тыныштықты бұзу») баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жиналған материал Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралатын болады, - делінген хабарламада.

Олардың Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі болу-болмау мәселесі әкімшілік материалдар бойынша түпкілікті шешімдер қабылданғаннан кейін шешіледі.

Барлық жаңалықтар