00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

«Интимдік жазбаларды таратамыз»: 40 млн теңге бопсалағандар ұсталды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 17:27
Елорда ақпарат
41

Астана полицейлері 40 млн теңге ақша қаражатын бопсалаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментіне 31 жастағы қала тұрғыны бопсалау фактісі бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ЖШС-нің қаржы директоры мен еншілес компаниясының атқарушы директоры қорқыту және интимдік жазбаларды тарату арқылы одан 40 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған. Бұл ретте күдіктілер 15 млн теңгеден астам қаражаттың бір бөлігін иемденіп, қалған соманы бопсалауды жалғастырған.

Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екеуін ақша қаражатын беру барысында қылмыс үстінде ұстады, олардан 2 млн теңге көлемінде ақша қаражаты тәркіленді.

Аталған факті бойынша аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін ҚР ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар