00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

Павлодарда танысын көсеумен ұрған жігіт сотталды

31.03.2023 | 17:24
Елорда ақпарат
38

Павлодарда 28 жастағы ер адам танысын көсеумен ұрып, қабырғасын сындырған, деп хабарлады Elorda.info қалалық №2 сотының үкіміне сілтеме жасап.

Олар қаланың аудандарының бірінде жеке секторда сөзге келіп қалған. Көсеу ұстаған жігіт мас болған.

Жәбірленушіні артынан оң жақ қабырға тұсынан көсеумен бар күшімен ұрған, ол жабық дене жарақатын алған, яғни, 9, 10 қабырғасы сынған, - делінген Павлодардың № 2 сотының үкімінде.

Жәбірленуші ауруханаға түсіп, полицейлер денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

28 жастағы павлодарлық өз кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісім жасасты.

Сот үкімімен ол 4 жылға бас бостандығынан шектеліп, жылына 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тартылды.

Барлық жаңалықтар