00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алматыда бір топ студент жаппай төбелесті (ВИДЕО)

31.03.2023 | 17:13
Елорда ақпарат
51

Алматыда «Атакент» халықаралық көрме орталығының алдында сауық-кешіне жиналған студенттер жаппай төбелес шығарды, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz сайтының жазуынша, төбелестің видеосы әлеуметтік желіде жарияланған. Полиция мәліметінше, жаппай төбелеске Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенттері қатысқан. Қазір олар ұсталған. Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылардың әрқайсысы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі, – деді Алматы қаласы Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Барлық жаңалықтар