00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшісі ұсталды

31.03.2023 | 16:57
Елорда ақпарат
28

Елорда аумағында адам саудасы, жеңгетайлық және жезөкшелікпен айналысатын притондар ұйымдастыру фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "Стоп-трафик" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Жұмыс барысында тәртіп сақшылары жезөкшелікпен айналысатын притондар пайда болуы мүмкін ойын-сауық орындарын, сауналарды, қонақүйлерді және басқа да орындарды тексеруге ерекше назар аударады.  

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 34 жастағы саунаның әкімшісін ұстады, ол 60 мың теңге ақшалай сыйақы үшін 27 жастағы қызды интимдік қызмет көрсету үшін ұсынған.  

Жеке тінту және үй-жайды тінту барысында ақшалай қаражат алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Барлық жаңалықтар