00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордаға есірткі жеткізу арнасы жойылды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 10:37
Елорда ақпарат
38

Полиция қызметкерлерінің үйлестірілген іс-қимылдарының арқасында елордаға кіреберісте Қарағанды – Нұр-Сұлтан тасжолында 36 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Еstima маркалы автокөлік тоқтатылды, оның салонынан салмағы 16 келіден асатын “гашиш” тәркіленді. Көліктің ішінде қылмыстық топтың 23 жастағы ұйымдастырушысы мен 20 жастағы сыбайласы болған. Күдіктілер бұл затты Шу қаласынан әкеліп, елордада сатпақ болған. Есірткі құралдарының бағасы “қара нарықта” 16 миллион теңге болар еді.

Сондай-ақ арнайы операция барысында полиция қызметкерлері тас жолда 27 жастағы жүргізушінің басқаруымен Toyota Camry 50 маркалы автокөлікті тоқтатып, одан жеке тінту барысында “гашиш” тәркіледі.

Жүргізілген операцияның нәтижесінде заңсыз айналымнан 16 келіден астам “гашиш” есірткі заты тәркіленді.

Барлық жаңалықтар