00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі

25.02.2023 | 09:50
Елорда ақпарат
28

Есірткі өткізу арнасының жолын кесуге бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 37 жастағы күдікті ұсталды. Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында оның гараждағы автокөлігінен салмағы 40 келі «марихуана» есірткі заты бар екі пакет тәркіленді, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бұл 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Полицейлер дәрі-дәрмектің жеткізу арнасын, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды анықтауда. 

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Ақбаровтың айтуынша, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 170 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленген.

Барлық жаңалықтар