00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Нұр-Сұлтанда бейтаныс қызды тонаған ер адам ұсталды

25.02.2023 | 09:39
Елорда ақпарат
20

Жәбірленуші Майлин көшесіндегі үйдің ауласындағы орындықта отырған. Жас қыз басқа жаққа алаңдап отырып, қасына құны 190 мың теңге тұратын «Xiomi» маркалы ұялы телефонын қойып қоған.

Мұны байқаған күдікті оның қасына отырып, байқатпай телефонды ұрлап алып, белгісіз бағытқа із-түзсіз жоғалып кеткен.

Жедел іздестіру шаралары барысында ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Ер адам ұрлық жасағанын мойындады, күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және жеке заттарын қараусыз қалдырмауға ескертеді.

Барлық жаңалықтар