00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Электронды темекіге арналған 10 мың дана капсула жойылды

25.02.2023 | 09:33
Айман Нығмет
51

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша 2022 жылғы сәуірде «Бақты» кеден бекетінде Алматы облысы кәсіпкерлерінің бірі әкелген тауарларға бақылау кезінде, электронды темекіге арналған «INVLAVE» капсулалары табылды. Барлығы - 10000 дана, бағасы 61000 тенге, жалпы салмағы 67 кг.

«Темекі өнімдерінің техникалық регламентіне» сәйкес бұл тауар міндетті түрде таңбалауға жатады. Таңбалауға жататын өнімнің кедендік ресімдеу мерзімі мен тәртібі бұзылғандықтан, кеден бекетімен аталған темекі өнімі уақытша тәркіленген. Тауардың иесі «электронды темекіге арналған капсулалардың» қауіпсіздік сәйкестігіне бағалау және таңбалау жүргізу бойынша қажетті рәсімдерді жүргізуден бас тартуына және қажет етпеуіне байланысты, сондай-ақ бұл өнім адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіретінін ескере отырып, капусалаларды жою туралы шешім қабылданған. Ағымдағы жылдың маусым айында Үржар ауданы әкімдігінің келісімімен қоқыс алаңында «INVLAVE» капсулалары өртеу тәсілімен жойылды», делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар