00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Онлайн-банкинг арқылы 8 млн теңгеге алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

25.02.2023 | 09:22
Айман Нығмет
50

Алаяқтар интернет-банкинг арқылы жоқ тауарларды сататын бірнеше онлайн-дүкен ашқан. Артынша сол дүкендерден ірі сомаға сауда жасап отырған. Жеке кәсіпкердің шотына ақша түскен сәтте олар қаржыны дереу қолма-қол шешіп алып, сатып алынған тауарды қайтаруды жүзеге асырған. Үш айдың ішінде күдіктілер дәл осындай әдіспен 9 алаяқтық жасап үлгерді.

Нәтижесінде полицейлер күдіктіні қала аумағында ұстап алып, полиция басқармасына жеткізді. Жас жігіт Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ, ол өз кінәсін толық мойындады. Заңға сәйкес аталған қылмысты жасағаны үшін азамат 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Барлық жаңалықтар