00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елордада түрмеге тыйым салынған зат алып кірмек болған

25.02.2023 | 08:53
Елорда ақпарат
41

Мекемеге апарылған азық-түлікті тексеру барысында дәрі-дәрмектердің бірінен капсулаға салынған белгісіз өсімдік заттары анықталды. Аталған өсімдік заты тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Сараптаманың қорытындысы бойынша аталған өсімдік жалпы салмағы 63,757 грамды құрайтын «тетрагидроканнабинол» атты психотроптық зат болып шықты.

Аталған дерек бойынша тыйым салынған затты алып кірмек болған азаматтан түсініктеме алынып, оған қатысты ҚР ҚК 297 бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/5 мекемесі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі А.Сыздықовтың айтуынша, жедел уәкілдік бөлімнің қызметкерлері тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кірмеуін үнемі бақылап отырады және алдын алу жолдары бойынша кең көлемде іс-шаралар ұйымдастырылуда.  

Барлық жаңалықтар