00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада «КамАЗ» жүргізушісі полицейлермен төбелесті (ВИДЕО)

25.02.2023 | 07:56
Елорда ақпарат
58

Оқиға бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласы маңында болған. 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қашып кетпек болған. Сондай-ақ, жүргізуші патрульдік көлікпен соқтығысып, тәртіп сақшыларына күш көрсеткен, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Сот шешімімен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерге тарады.

Барлық жаңалықтар