00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада көмір қоймасынан 4 қап есірткі табылды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 05:17
Елорда ақпарат
16

Арнайы операция нәтижесінде елорда аумағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізудің “арнасы” жойылды.

Мичурино кентіндегі жеке үйде көмір сақтауға арналған шаруашылық құрылыстарын тінту кезінде салмағы 42 келіден асатын “марихуана” есірткі заты бар төрт қап табылды. 53 жастағы үй иесі тыйым салынған затты заңсыз иеленуге қатысы барын жоққа шығарды.

Жеке тінту кезінде одан “гашиш” есірткі заты табылды. Сондай-ақ, үйді тінту барысында ПД Кинологиялық қызметінің қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып, дәретханадан сатуға дайындалған салмағы 234 грамм “гашиш” есірткі заты бар 35 түйіншек табылды.

Нәтижесінде тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 42,5 келіні құрады. Бұл жағдайда алынған есірткі құралдарының саны есірткіні тұтыну үшін 8 500 бір реттік дозаны құрайды, олардың “қара нарықтағы” құны 25 миллион теңге болушы еді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Барлық жаңалықтар