00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық полицейлер бір келіден астам гашишті тәркіледі (ВИДЕО)

25.02.2023 | 03:30
Елорда ақпарат
37

Тінту барысында бұрын сотталған 37 жастағы елордалық тұрғыннан салмағы бір келіден асатын гашиш тәркіленді. Есірткі заты сығымдалып оралған және одан әрі сату үшін дайындалған. Сондай-ақ ұсталған адамнан қолөнер өндірісінің пышағы алынды, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Есірткіні жеткізу арнасы анықталып жатыр, ұсталған адамның тұрмыс қалпы зерттелуде.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 53 келіден астам түрлі есірткі заттары алынған, оның ішінде: 20 келісі гашиш, 30 келісі синтетикалық есірткі.

Барлық жаңалықтар